"Билік асыра сілтеп жатыр". Human Rights Watch пандемия кезіндегі Қазақстандағы адам құқығының жайына алаңдайды
Human Rights Watch халықаралық адам құқығын қорғау ұйымы 23 сәуірде "Орталық Азия: Covid-19-бен күрес кезіндегі адам құқықтарының сақталуы" деп аталатын арнайы есебін жариялады. Азаттыққа берген арнайы сұхбатында ұйымның Еуропа және Орталық Азия бойынша директоры Хью Уильямсон Қазақстанда төтенше жағдай кезінде адамдардың ұсталып не тұтқындалып, бейбіт жиындар туралы заңға өзгерістер енгізіліп жатқаны жайлы пікір білдірді және мұндай жағдайда адам құқықтары мен азаматтық бостандықтарды қалай сақтауға болатынын айтты.
Ықтиярхаты жоқ қазақтар әлеуметтік көмектен қағылды
Қазақстанда төтенше жағдай режимі кезінде табыссыз қалғандарға берілетін әлеуметтік көмектен атамекеніне оралған қазақтардың бір бөлігі құралақан қалды. Олар билік талап еткен ықтиярхатты жергілікті шенеуніктердің қырсыздығынан айлап ала алмай жүргенін айтады.
Назарбаевтар Лондондағы үйлерін алып қалды. Енді “делдалдарға” тықыр таянды ма?
Бұл аптада батыс баспасөзі Ұлыбританиядағы сот процесі кезінде Қазақстанның экс-президентінің жақындарына қатысы бар болып шыққан Лондондағы зәулім үйлердің дауының Назарбаевтарға және постсоветтік елдерден шыққан басқа да байларға кеңес беретін делдалдардың мәселесіне назар аудартқаны туралы жазды. Сонымен бірге, ақпарат құралдары Қазақстанда төтенше жағдай кезінде белсенділердің қамауға алынғаны туралы сөз етті. Бұған қоса, басылымдар коронавирус пандемиясының кесірінен Қытайдың Орталық Азияға ықпалы артады деп болжаған.
Карантин кезіндегі кәсіпкерлердің үміті мен күдігі
Төтенше жағдай режимі кезіндегі шектеулер Қазақстандағы шағын және орта бизнеске кері әсер етті. Ондаған мың бизнесмен жұмысын тоқтатып, қызметкерлерін ақысыз еңбек демалысына жіберуге немесе қысқартуға мәжбүр болды. Мемлекеттен қолдау күткен олар болашағына алаңдайды. Республикалық кәсіпкерлер палатасы қанша адамның жұмыссыз қалғаны, бюджетке қандай шығын келетіні және төтенше жағдай режимінен кейін отандық бизнес қаншалықты тез аяққа тұратыны жайлы нақты ақпарат бере алмай отыр.
Талғат Аян: Наразылыққа шығарда жауапкершілік барын білдік
Осыдан тура төрт жыл бұрын, 2016 жылы сәуірдің 24-і күні Атырауда мыңға жуық адам алаңға жиналып, жерді шетелдіктерге жалға беруге қарсылық білдірді. Атырауда басталған наразылық кейін елдің басқа аймақтарында да жалғасты. Жұрт наразылығынан кейін билік жерді шетелдіктерге жалға беруге мораторий жариялады. Бұған қоса, жер реформасына қарсы митингіге қатысқан атыраулық белсенділер – Макс Боқаев пен Талғат Аян бес жылға сотталды. Сот 2018 жылы сәуірде Аянның өтініші бойынша оны қамаудан босатқан. Ал Қазақстан билігі халықаралық ұйымдардың және құқық қорғаушылардың талабына қарамастан Макс Боқаевты қамауда ұстап отыр. Азаттық Атыраудағы Жер митингісінің белсенді Талғат Аянмен сұқбаттасты.
"Сайлау және партия заңына өзгеріс – биліктің көз алдауы"
22 cәуірде парламент мәжілісі "Сайлау туралы" заң мен "Саяси партиялар туралы" заңға енгізілетін өзгерістерді "бірауыздан" мақұлдады. Екі заңды да өзгертуді талап етіп келген белсенділер "жаңа заңда тәуелсіз кандидаттардың сайлауға түсуі қарастырылмаған" деп санайды.
Your browser doesn’t support HTML5
Назарбаевты сынап видео жариялаған қарағандылық екі айға қамауға алынды
Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевты сынап, интернетке видео жариялаған қарағандылық Арман Хасенов екі айға қамалды. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қарағандыдағы департаменті 30 жастағы Хасеновті видео тараған соң ертеңінде ұстап, изоляторға қамаған еді. Тұрғынның үстінен "бірінші президенттің абыройы мен беделін қорлады" деп қылмыстық іс қозғалып, айтқан сөзіне лингвистикалық сараптама тағайындалған деген хабар бар.