Өзбекстан денсаулық сақтау министрлігінің 28 сәуірде жариялаған ресми мәліметінше елде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар 1924 адамға жеткен.
Соңғы тәулікте вирус жұқтырғандар 20 адамға көбейген. Өзбекстан билік орындары індет тарағалы 892 науқас айықты деп хабарлайды. COVID-19 салдарынан 8 адам қайтыс болған.
Шет мемлекеттерде коронавирус жұқтырған 73 өзбек азаматының төртеуі (АҚШ-та - 3, Ресейде - 1) қайтыс болған. Ресейде Өзбекстанның 42 азаматына вирус жұққаны анықталған.
Сәуірдің 21-іне Өзбекстан да коронавирусқа байланысты енгізілген карантин шараларын мамырдың 10-ына дейін ұзартқан.