Қазақстанда бір күнде 264 адамнан вирус табылды

Алматы көшесінде жүрген тұрғын. 25 сәуір 2020 жыл.

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі 30 сәуір 23.00-дегі мәліметіне сай, елде тағы 48 адамнан коронавирус табылды: Алматы қаласында - 23, Жамбыл облысында - 7, Нұр-Сұлтан қаласында - 6, Атырау облысында - 4, Қызылорда облысында - 3, Алматы облысында - 2, Қостанай облысында - 1 науқас.

Осылайша, елде бейсенбі күні 264 адамнан вирус анықталды. Бұрын елде бір күнде мұнша адам COVID-19 дертіне шалдықпаған.

Қазір Қазақстанда барлығы 3402 адамнан вирус анықталды. 866 адам дерттен айықты. 25 адам қайтыс болды.

Алматыда вирус жұқтырғандар мыңнан асып кетті. Нұр-Сұлтанда 700-ге жақындап қалды. Қызылорада дертке шалдыққандар 200-ден асты.

Вирус жұқтырған 3402 адам мына аймақтарда:

  • Алматы қаласы – 1051
  • Нұр-Сұлтан қаласы – 645
  • Қызылорда облысы – 201
  • Шымкент қаласы – 192
  • Қарағанды облысы – 149
  • Батыс Қазақстан облысы – 146
  • Алматы облысы – 140
  • Атырау облысы – 139
  • Жамбыл облысы – 130
  • Павлодар облысы – 129
  • Түркістан облысы – 124
  • Ақтөбе облысы – 109
  • Ақмола облысы – 99
  • Қостанай облысы – 50
  • Маңғыстау облысы – 48
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 30
  • Шығыс Қазақстан облысы – 20