Коронавирусқа байланысты оқшаулану кезінде үйлерінде зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдерге Санкт-Петербург қаласының екі қонақ үйі тегін орын берді.
Санкт-Петербургтің әйелдерге арналған ИНГО дағдарыс орталығының маманы Борис Конаковтың айтуынша, бұл ұйым әлеуметтік желіге хабарландыру жариялап, көмек сұраған, осыдан кейін екі қонақ үй зорлық көрген әйелдерге мамыр айында толығымен тұруға төрт нөмір берген.
Осыдан бір ай бұрын үйде оқшаулану кезінде зорлық-зомбылық көрген әйелдер жайлы ақпараттар Еуропада жиілеп, Германия, Испания, Италия мен Франция қонақ үйлерінің әйелдерге орын тауып беріп жатқаны хабарланған.
Франция ішкі істер министрі Кристоф Кастанер коронавирус пандемиясына байланысты шектеу шаралары енгізілген соң отбасындағы зорлық-зомбылық 36 %-ға көбейгенін мәлімдеген.