Павлодар облысында коронавирус жұқтырған 57 жастағы ер адам қайтыс болды. Бұл туралы 8 мамырда Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Министрліктің дерегінше, науқас 6 мамыр кешкі тоғызға таман көз жұмған. Марқұм бұған дейін бронхит, қан диабетімен ауырған. 26 сәуірде жансақтау бөліміне ауыстырылып, жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Ведомство 2 мамырда науқастың жағдайы күрт нашарлап кеткенін айтады.
Бұған қоса, министрліктің 8 мамыр таңертеңгі 9.30-дағы дерегіне сай, елде бірден 112 адамнан коронавирус табылған. Олардың басым бөлігі Алматы қаласында (72).
Осылайша, Қазақстанда 1460 адамнан вирус анықталды. 1518 адам емделіп шықты. 31 адам қайтыс болды.
Вирус жұқтырғандар мына аймақтарда:
- Алматы қаласы – 1501
- Нұр-Сұлтан қаласы – 905
- Атырау облысы – 256
- Қызылорда облысы – 225
- Шымкент қаласы – 224
- Батыс Қазақстан облысы – 217
- Қарағанды облысы – 180
- Алматы облысы – 176
- Ақтөбе облысы – 172
- Жамбыл облысы – 171
- Түркістан облысы – 169
- Павлодар облысы – 152
- Маңғыстау облысы – 109
- Ақмола облысы – 106
- Қостанай облысы – 61
- Солтүстік Қазақстан облысы – 34
- Шығыс Қазақстан облысы – 32
АҚШ-тағы Джон Хопкинс университетінің дерегінше, әлемде коронавирус 3,8 миллионнан астам адамға жұқты. Қаза болғандар 270 мыңнан асты. 1,2 миллионнан астам адам дерттен жазылды.