9 мамырда Алматы уақыты бойынша кешкі сағат 21.36-да қалада жер сілкінді. Бұл туралы Қазақстан білім және ғылым министрлігінің сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік орталығы хабарлады.
Дүмпудің эпицентрі Алматыдан оңтүстікке қарай шамамен 291 шақырым қашықта - Қытай аумағында жердің 5 километр терең қабатында болған. Энергетикалық класы – 12,8, ал магнитудасы 4,9.
Жерасты дүмпуі Алматыда 2-3 балл болып сезілген.