Солтүстік Корея оңтүстік көршісімен коммуникацияны үзетінін хабарлады. Оның ішінде екі ел басшысын тіке қосатын телефон байланысы да бар. Бұл туралы Солтүстік Кореяның орталық ақпараттық агенттігіне (KCNA) сілтеген Reuters хабарлады.
КСNA таратқан хабарда Солтүстік Кореяның “2020 жылғы 9 маусымда түскі 12:00-ден Солтүстік пен Оңтүстік басшылары арасындағы байланыс линияларын толықтай үзетінін” айтылады.
Ресми Пхеньян осыған дейін бірнеше күн Сеулге шүйлігіп келді. Шүйлігуге себеп болған -кезінде солтүстіктен оңтүстікке қашып кеткен азаматтардың туған жеріне үлкен көлемде үнпарақ жіберу туралы бастамасы.
Техникалық тұрғыда Солтүстік және Оңтүстік Кореялар әлі соғыс үстінде, өйткені 1953 жылы басталған соғыстан кейін бейбітшілік келісімі жасалмаған.
2018 жылы екі ел мемлекетаралық ахуалды жұмсартуға келіскен. Пхеньян үнпарақ бастамасы Солтүстікке Кореяға қарсы бағытталған, ол 2018 жылғы Пханмунджом саммитінде жасалған келісімді бұзады деп мәлімдеді.
Екі ел күнделік сағат 09:00-де және 17:00-де телефон арқылы сөйлесіп тұратын. 8 маусым күні Оңтүстік Корея солтүстік көршісінің 2018 жылғы келісімнен бері тұңғыш рет телефонды көтермегенін хабарлады.
BBC телерадио компаниясының Сеулдегі тілшісі Лаура Бикердің жазуынша, Пхеньян байланысты үнпарақ үшін үзіп отырған жоқ, олардың көздегені басқа.
Бикер Солтүстік Корея дағдарысты қолдан жасап, оны кейінгі келіссөздерде өз пайдасына шешім шығаруға пайдалануы мүмкін.
Мұның алдында Оңтүстік Кореядағы белсенділер үнпараққа толы үрлемелі шарларды солтүстікке жіберуді ойластырып отырғанын хабарлаған. Бір-біріне үнпарақ жіберу 1953 жылы басталған соғыстан бері жалғасып келе жатқан тәжірибе. Оңтүстік Корея бұл тәжірибені солтүстік көршісін демократияландыру үшін қолданып отыр.