АҚШ жоғарғы соты 15 маусымдағы шешімінде гомосексуалдар мен трансгендерлер Азамат құқықтары туралы заңның 7-бабымен қорғалған, сол себепті қызметкерлерін гендерлік сәйкестігіне бола жұмыстан шығаратын жұмыс берушілер заңды бұзады деп ұйғарды.
1964 жылы қабылданған заңның 7-бабы адамды жұмысқа алуда нәсіліне, түсіне, дініне, жынысына және ұлтына байланысты алалауға тыйым салады. Жоғарғы сот ЛГБТ (лесбиян, гей, бисексуал және трансгендер cөздерінің бас әріптерінен құралған) қауымдастығының құқықтары да осы баппен қорғалады деді.
Жоғарғы соттың алтауы осы ұйғарымды қолдап, үшеуі қарсы шықты.
Осыған дейін ЛГБТ құқықтарын қорғаушылар жоғарғы соттан аталмыш заңның күші ЛГБТ қауымдастығына да жүретінін нақтылап беруді талап еткен.
Жұмыс берушілердің адвокаттары 1964 жылғы заңның авторлары жыныстық ориентация мен гендерлік сәйкестік мәселелерін реттеуді көздемеді дейді. АҚШ президенті Дональд Трамп осы ұстанымды қолдайды.
Бұл ЛГБТ құқықтарын қорғаушылардың 2015 жылдан бергі ең ірі жетістігі. Сол жылы жоғарғы сот бір жынысты некені бүкіл бойынша заңдастырды.
Жоғарғы соттың жаңа шешімі АҚШ-тағы түкпір-түкпіріндегі 8,1 миллион ЛГБТ жұмысшыларға әсер етпек.