Жаңа антирекорд. Қазақстанда COVID-19 ауруынан тағы 7 адам қайтыс болды

Алматы облысы, Қараой ауылы маңындағы "коронавирус зираты". 16 маусым, 2020 жыл

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі 16 маусымда елде тағы жеті адамның коронавирустан қайтыс болғанын мәлімдеді. Алматыда 55 жастағы ер адам, Түркістан облысында 88 жастағы және 81 жастағы ер адамдар, Қарағанды облысында 71 жастағы және 81 жастағы ер адамдар, БҚО-да 82 жастағы әйел және 79 жастағы ер адам COVID-19 дертінен көз жұмды.

Елде қазір коронавирус инфекциясынан 88 адам қайтыс болды. Бұл статистикаға коронавирус жұқтырған ондаған марқұм енбеген. Министрлік олардың өліміне басқа дерттер себеп болды деп, ресми статистикаға қоспай отыр. Мәселен, Алматы іргесіндегі "коронавирус зиратында" 64 марқұм жерленген. Ал қалада ресми статистикаға сай 13 адам коронавирустан қайтыс болған.

Your browser doesn’t support HTML5

Алматы іргесіндегі "коронавирус зиратына" 64 адам жерленген. Ресми статистикада - 12 марқұм

16 маусымдағы дерекке сай, Қазақстанда 13 наурыздан бері жиынтығы 20684 (15192 симптомы бар + 5492 симптомсыз) адамнан коронавирус табылды. 9647 адам дерттен айықты.