Өзбекстанның бас санитар инспекторы Нурмат Отабековтен коронавирус табылды. Бұл ақпаратты жергілікті Kun.uz сайтына берген сұхбатында бас инспектордың өзі хабарлады.
"Зертханалық талдау менде Covid барын көрсетті" деді ол. Ол өзіне коронавирус жұққан науқастардан Covid жұғуы мүмкін екенін айтты.
Отабеков Covid-тің жеңіл түріне шалдыққанын, ауруханада емделіп жатқанын айтқан.
29 шілдеде Өзбекстанның қаржы министрлігі Covid-тен 55 жастағы қаржы вице-министрі Еркін Тұрсыновтың қайтыс болғанын хабарлады. Ведомствоның мәліметінше, 20 шілдеде вице-министрдің дене қызуы көтеріліп, жеке клиника дәрігерлерінің кеңесімен үйде және жеке медициналық мекемеде емделген.
27 шілдеде жағдайы ауыр күйде Ташкенттегі медициналық академияға жеткізілген. Онда "ілеспе аурулар" болғаны айтылады.
Еркін Тұрсынов 2019 жылдың наурыз айынан бері қаржы вице-министр қызметін атқарып келген.
Өзбекстанда соңғы мәлімет бойынша 22 585 адамнан коронавирус табылған. Эпидемия басталғалы бері 131 адам Covid-тен қайтыс болған. 29 шілдеде елде бір күнде 692 адамнан вирус анықталған. Бұл бұрын-соңды болмаған ең жоғары көрсеткіш. Сәрсенбі күні 24 сағат ішінде қатарынан бес адамның коронавирустан қайтыс болғаны хабарланды. Олардың арасында аяғы ауыр әйел де болған.