Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ын "стресті азайту үшін" өз өкілетінің бір бөлігін көмекшісі, қарындасы Ким Ё Чжонға берді. Бұл туралы Оңтүстік Корея барлау қызметіне сілтеме жасаған Asia.nikkei сайты хабарлады.
Оңтүстік Корея барлау қызметінің мәліметінше, Солтүстік Кореяда Ким Чен Ын "абсалютті билікті әлі иеленіп отырады", бірақ ақырындап өкілетін қарындасына тапсыра бастайды.
"Ё Чжон – іс жүзінде елдегі нөмері екінші адам, бірақ лидердің ізбасары әлі таңдалған жоқ" дейді барлау қызметінің өкілі.
Биыл көктемде Ким Чен Ын жұрт көзінен таса болған. 15 сәуірде ол атасы, Солтүстік Кореяның негізін қалауды деп әспеттелетін Ким Ир Сеннің туған күніне орай ұйымдастырылған мерекеге келмеген. БАҚ Ким Чен Ынның жүрегіне операция жасалғанын жазған. Ол жұрт алдына 2 мамырда шыққан.
Кейбір деректерге сай, 32 жастағы Ким Ё Чжон ағасымен бірге Швейцарияда оқыған. Кейін еліне оралып, Ким Ир Сен атындағы әскери университетті тәмамдаған.
Ким Ё Чжон – елдегі ең ықпалды адамдардың бірі және Ким Чен Ынның ізбасары болуы мүмкін шенеуніктердің қатарында. Ол ағасымен бірге жұрт алдына жиі шығады. 2018 жылы Оңтүстік Кореяда өткен қысқы олимпиадада Солтүстік Корея делегациясының құрамына кінген. Сол кезде Ким Ё Чжон Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Инмен кездескен.
Қазір ол елде пропаганда кураторы саналады.