НАТО әскери одағына мүше елдер 4 қыркүйекте ресейлік оппозициялық саясаткер Алексей Навальныйдың әскери умен улануы мәселесін талқылайды. Отыз мүшесі бар альянс Ресейді саясаткердің улануын толық әрі ашық зерттеуге үндеуі мүмкін.
2 қыркүйекте Германия токсикологиялық тест ес-түссіз жатқан Кремль сыншысының жүйкені істен шығаратын "Новичок" уымен уланғанын нақты көрсетті деп мәлімдеген.
44 жастағы Алексей Навальный 20 тамызда Сібірден Мәскеуге ұшып бара жатқан жолда жағдайы күрт нашарлап, ұшақ төтенше жағдайда Омбыға қонуға мәжбүр болған. Ол жақтағы ауруханада екі күн жатқан саясаткер Германия ауруханасына ұшақпен жеткізілген.
Қазір ол есін жиған жоқ, жасанды тыныс алу аппаратымен дем алып жатыр. Ресей Навальныйға у берді деген айыптауды жоққа шығарады.