Түркіменстан ауруханаларына Covid белгілері бар науқастар жаппай түсіп жатыр. Бірақ ресми Ашхабад бұрынғыша елде коронавирус жоқ деп мәлімдеп келеді.
Жергілікті ауруханалардың медқызметкерлері Азаттық радиосы Түркімен қызметіне кейінгі үш аптада жағдайдың қиындап кеткенін, өлім саны артып жатқанын айтты.
Медқызметкерлер өздерін карантин аймақтарында екі апта бойы жұмыс істеуге мәжбүрлеп жатқанына шағынды. Сонымен қатар жеке қорғаныс заттарына өз қалтасынан төлеуі керек болған. Кей мейіргерлерге екі ай бойы карантин аймағынан шығуға тыйым салған.
Түркіменстан үкіметі бұрынғыша елде коронавирусқа шалыққан науқас жоқ деп отыр, бірақ бұған ешкім сенбейді.
Өзге ауруға шалдыққан адамдар ауруханаға баруға қорқып, үйінде емделіп жатыр. Олар ауруханаға барсақ, сол жердегі науқастардан Covid инфекциясын жұқтырып аламыз ба деп алаңдайды.