20 қыркүйек күні Қазақстанда 45 адамнан коронавирус инфекциясы анықталған. Бір күнде 64 адам жазылып шыққан. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Өткен тәулікте Шығыс Қазақстан облысында 18 адамнан коронавирус анықталған. Нұр-Сұлтанда – 6, Алматы қаласында – 3, Қарағанды облысында 4 науқас тіркелген. Алты облыс пен қалада (Жамбыл, Маңғыстау, Қызылорда, Ақтөбе, Алматы облыстары және Шымкент қаласы) науқас тіркелмеген.
Эпидемия басталғалы Қазақстанда коронавирус жұққаны ПТР-тестпен расталғандар саны 107 307 адамға жеткен. Басым бөліні яғни, 101 941-і жазылған, 1695 адам қайтыс болған. Алайда коронавирус жұқтырып, "ілеспе аурудан қайтыс болды" деген жүздеген адам бар. Бұл дерек соңғы рет 24 тамызда жаңарды. Сол күні денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов "ілеспе аурудан" 556 адамның көз жұмғанын айтқан.
Билік зертханалық талдаумен расталмаған коронавирус науқастарының есебін тек 1 тамыздан кейін, індеттің беті қайтқан кезде жүргізе бастады. Тамыздың басынан 20 қыркүйекке дейін коронавирус пневмониясына 31 086 адам шалдыққан. 343-і қайтыс болған.