25 қыркүйек күні Қазақстанда 69 адамның коронавирус жұқтырғаны ПТР-тестімен расталды. Осы күні 4 Covid науқасының қайтыс болғаны белгілі болды. Бұл туралы коронавируспен күрес жөніндегі ресми ақпарат көзі саналатын coronavirus2020.kz Telegram каналы хабарлады.
Ең жоғары тәулік көрсеткіші Шығыс Қазақстан облысында (17) және Нұр-Сұлтан қаласында (14) тіркелген. Қарағанды, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында бес-бестен науқас анықталған. Шымкент қаласында, Маңғыстау және Қызылорда облыстарында науқас тіркелмеген.
Елде вирус жұқтырғаны ПТР тестімен расталған науқастар саны – 107 659.
Аймақ бойынша жағдай мынадай:
- Алматы қаласында - 14367(+3 науқас жаңадан қосылды),
- Нұр-Сұлтан қаласында -14064(+14),
- Атырау облысында - 11072(+5),
- Қарағанды облысында - 10251(+5),
- Шығыс Қазақстан облысында - 8661 (+17),
- Батыс Қазақстан облысында - 6852(+2),
- Шымкент қаласында -5188(+0),
- Алматы облысында - 4957(+2),
- Жамбыл облысында - 4122(+2),
- Солтүстік Қазақстан облысында - 4076(+5),
- Павлодар облысында - 3901(+4),
- Қостанай облысында - 3478(+3),
- Ақмола облысында - 3476(+5),
- Түркістан облысында - 3374(+1),
- Маңғыстау облысында - 3338(+0),
- Қызылорда облысында -3242(+0),
- Ақтөбе облысында -3240(+1).
Науқастардың 102 530-ы жазылған, 1719-ы қайтыс болған. Билік 1 тамыздан бастап ПТР тестімен расталмаған, бірақ ауру белгілері бойынша коронавирусқа ұқсайтын пневмония есебін жүргізе бастады. Пневмонияның бұл түрі өткен тәулікте 232 науқастан анықталды. Науқастардың жалпы саны 32 223-ке жетті. Оның 26 965-і айыққан.
Елде ресми статистикаға күдік келтіретіндер көп. Олар коронавирус жұқтырғандардың шынайы саны үкімет санынан әлдеқайда көп деп санайды.