6 қарашада Бішкекте парламент пен президент аппараты орналасқан "Ақ үй" маңындағы қоршаулар алына бастады.
Азаттықтың Қырғыз қызметінің хабарлауынша, Жогорку кеңеш қоршауларын "Тазалык" муниципалды кәсіпорны бұзып жатыр.
Қала мэрінің міндетін атқарушы Балбак Тулобаевтың сөзіне қарағанда, муниципалитетке парламент спикері Талант Мамытовтан хат келіп түскен. Әкімдік өкілдері сол хатта жазылған шешімді орындап жатқанын айтқан. Бірақ Сәуір революциясында қаза болғандарға арналған мемориал тақта бекітілген қоршау бұзылмайды.
4 қарашада Жогорку кеңеш спикері болып сайланған Талант Мамытов "билік халықпен жақын болуы керек" деп мәлімдеп, парламент маңындағы қоршауды бұзу қажеттігін айтқан еді.
Ақ үй маңына темір шарбақтар 1997 жылы Асқар Ақаев басқарып тұрған кезде орнатылған.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ Қырғызстан: Талант Мамытов Жогорку кеңеш спикері болып сайланды