Қытай құрастырған "Чанъэ-5" аппараты сейсенбі күні Айға қонды. Ол екі күн бойы Айдан топырақ үлгісін жинайды, одан соң Жерге жеткізеді.
Аппараттың Айға сапары сәтті аяқталса, Қытай әлемде осындай күрделі міндетті атқара алған әлемдегі үшінші державаға айналады.
Өткен ғасырдың 60-70 жылдары Аполлон кемесімен Айға ұшқан НАСА астронавтары Жерге бірнеше рет Айдың топырақ үлгілерін жеткізген. 1976 жылы совет мамандары құрастырған "Луна-3" зонды Айдан топырақ әкелу экспедициясын аяқтаған.
Содан бері көптеген ел планетологтары Айдың топырақ үлгілерін күтіп келеді.
Айдың бетінде арнайы зонд жұмыс істеп жатқан шақта оны Жерге қайтаруы тиіс аппарат табиғи серіктен 200 шақырым биіктікте орбитада ұшып жүр.