Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев Конституция күніне орай "қылмыс жасағанына шын өкініп, түзу жолға түскен" 104 тұтқынға рақымшылық жасау туралы жарлыққа қол қойды.
Мемлекеттік УзА агенттігінің мәліметінше, рақымшылыққа ілінгендердің алтауы негізгі жазадан толық құтылған, 50 адам шартты жазамен босап шыққан, қалған 48 адамның жазасы жұмсартылып, түрме мерзімі қысқартылған. Оның арасында 13 елдің азаматы бар, 9 ер адамның жасы 60-тан асқан. 21 адам тыйым салынған ұйымның ісіне араласқаны үшін сотталған.
Былтыр Мирзияев Конституция күні қарсаңында 92 адамға рақымшылық жариялаған еді. Өзбекстанда 8 желтоқсан Конституция күні ретінде аталып өтеді.
2019 жылы Мирзияев Өзбекстандағы мемлекеттік мерекелер - Әйелдер күнінде, Тәуелсіздік күнінде және ораза қарсаңында ондаған тұтқынға рақымшылық жариялаған.