Әзербайжан билігі коронавирус жұқтырғандар көбейгенін айтып, карантин мерзімін ұзартты. Тұрғындардың ел аумағында жүруіне шектеу қойылады.
Коронавируспен күрес жөніндегі үкімет жұмыс тобы 8 желтоқсанда карантин 31 қаңтарға дейін созылады деп мәлімдеді.
Жұмыс тобының мәлімдемесінде Баку мен тағы басқа қалаларда 14 желтоқсаннан бастап 18 қаңтарға дейін локдаун енгізіледі деп жазылған.
Осы уақыт аралығында қалалар арасында көлік қатынасы тоқтайды. Тұрғындарға күніне үш реттен артық көшеге шығуына тыйым салынады. СМС арқылы рұқсат алғаннан кейін ғана дүкенге барып, қажетті азық-түлік, дәрі-дәрмек және өзге де заттар сатып алады.
Дүкен, кәсіпорын, қоғамдық тамақтану орындарының жұмысына да шектеу қойылады. Оларға онлайн сауда жасап, клиенттері алып кететін тамақтар әзірлеуге рұқсат береді.