АҚШ Түркияның қорғаныс саласы басшыларына санкция салды. Reuters агенттігінің жазуынша, Вашингтон Ресейден С-400 зениттік-зымыран кешенін сатып алған Анкараны осылай жазалағысы келеді.
Сарапшылар АҚШ санкциясы Түркия экономикасына айтарлықтай зиян келтіреді деп болжайды. Reuters-тің жазуынша, қазірдің өзінде коронавирус індеті түрік экономикасының дамуын баяулатқан.
Былтыр АҚШ өкілдері Түркияның С-400 кешенін сатып алуы F-35 ұшақтарын құрастыру бағдарламасына қауіп төндіреді деп мәлімдеген.
Түркия дүйсенбі күні санкцияны айыптап, "жауап беретінін" мәлімдеді. Анкара санкция НАТО әріптестерімен қарым-қатынасқа көлеңкесін түсіреді деді.