Америкалық SpaceX компаниясы ғарышқа АҚШ әскери-ғарыштық барлау ұлттық басқармасының барлау спутнигін шығарды. Салмағы жеті тоннаға жуық аппаратты Жер орбитасына Falcon 9 ракетасы жеткізді.
Ғарыш айлағынан ұшқаннан сегіз минут өткен соң ракетаның көп мәрте пайдалануға жарайтын ракета Жерге оралды. Бұл – осы ракетаның бесінші рет ұшуы.
Илон Масктың ғарыш компаниясы биыл осымен ғарышқа 26 рет ракета ұшырып отыр. Бұл – биылдыққа соңғы рет ұшуы. Дәл осы жылы Ресей ғарышқа 15 рет ракета ұшырды.
Falcon 9 ғарышқа NROL-108 деп аталатын, құны бір миллиард аппаратты жеткізіп отыр. Аппараттың сипаттамасы мен өлшемдері айтылмайды. АҚШ әскери-ғарыштық барлау ұлттық басқармасының тапсырысымен ұшқан бұл миссияның ерекшелігі – оған ғарышқа осыған дейін ұшып көрген ракета қолданылды.
SpaceX 2017 жылдан бері көп мәрте пайдалануға жарайтын Falcon ракетасын ұшырып келеді. Бұл ракеталар ірі жөндеу жұмыстарынсыз 10 мәртеге дейін ұша алады. Ал техникалық жөндеу жұмыстарымен бірге есептегенде 100 мәртеге дейін барады.
Бір ракетана бірнеше пайдалану ұшыру құнын едәуір азайтып, Роскосмос секілді бәсекелестерді нарықтан ысыруға мүмкіндік береді. SpaceX компаниясының Crew Dragon миссиясы Жер орбитасына ғарышкерлерді де сәтті жеткізіп, АҚШ-тың бұл жөнінен Ресейге тәуелдігін жойды. Осыған дейін америкалық ғарышкерлерді орбитаға ресейлік компания жеткізіп жүрген.