Шешенстанда спорт кешеніне Қадыровтың 15 жастағы ұлының есімі берілді

Рамзан Қадыров.

Шешенстан билігі ауылда мемлекет қаржысына соғылған екі қабатты спорт кешенін Рамзан Қадыровтың 15 жастағы ұлы Ахмадтың құрметіне атады. Кешен елдің шығыс бөлігіндегі ауылда соғылған. Бұл туралы хабарды "Грозный" мемлекеттік арнасы көрсеткен. Оған Азаттықтың "Кавказ.Реалии" редакциясы назар аударды.

– Ахмад Кадыров — "Ахмат" жекпе-жек клубының тәрбиеленушісі. Халықаралық жарыстарға қатысып үлгерген. Бірде-бір рет жеңіліп көрмеген. Спортпен кәсіби түрде шұғылданумен қатар Ахмад діни ілім алып, оқуда озат болып отыр. Ол – өз құрдастарына үлгі, — делінген телеарна сюжетінде. Кешеннің қасбетінде Рамзан Қадыров пен оның әкесі Ахмадтың портреттері ілініп тұрды.

2016 жылы қазанда 10 жасар Ахмад Қадыров пен оның бауырларының Грозный қаласында өткен MMA аралас жекпе-жегі турниріне қатысуы Ресей спортының дауына айналған. Төбелесті Ресей MMA одағының президенті Федор Емельяненко сынға алып, артынан оған қоқан-лоқы көрсеткен, үркітпек болған. Ал Мәскеуде Емельяненконың қызына шабуыл жасаған.