Жаңа жыл түні Шыңжаңда жер сілкінді

Көрнекі сурет.

1 қаңтарда Алматы уақытымен сағат 00.31 кезінде Қытайдың Шыңжаң аймағында жер сілкінді. Бұл туралы Қазақстан білім және ғылым министрлігінің сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік орталығы хабарлады.

Дүмпудің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 361 километр қашықта жердің бес километр терең қабатында болған. Энергетикалық класы – 10,1, ал магнитудасы 4,6.

Жерасты дүмпуі Алматыда сезілмеген.