Израиль 1 миллионнан астам адамға коронавирус вакцинасын салып, рекорд жасады. Үшінші рет локдаун енгізген бұл ел жаппай екпе салудың арқасында шектеулерді алып тастап, ақпан айына қарай індетті толық жеңуден үміттеніп отыр деп хабарлайды ВВС.
Израильде қазірдің өзінде 100 адамға шаққанда 11,5 адам екпе салғызған. Одан кейінгі орындарда Бахрейн (3,5 адам) және Ұлыбритания (1,5 адам) келеді.
АҚШ өткен жылдың соңына дейін 20 миллион кісіге вакцина салуды жоспарлаған, алайда екпе тек 3 миллион адамға егілді.
Еуроодақта вакцина жақында ғана мақұлданғандықтан, бұл жөнінен жағдай мәз емес. Германияда екпе 150 мың адамға салынса, басқа елдерде вакцинация енді басталып жатыр.
Желтоқсанда Ресейде коронавирустың жаңа түріне қарсы "Спутник V" вакцинасын салу басталған. Жақында елдің денсаулық сақтау министрі Михаил Мурашко 800 мыңға жуық адамға екпе салынғанын мәлімдеді. Желтоқсанның соңында ғана ол вакцина қабылдағандар саны 30 мың адам деген еді. Бір жарым апта ішінде екпе салынғандардың 18 есе өсуі ақпараттың растығына күмән туғызуға негіз болды. "Холод" басылымының редакторы Михаил Зеленский жеке блогында министр сандарды жаңсақ айтып тұр деген пікір айтты.