Экология министрі: Бозжыраны қорық аумағына енгізу жоспары жоқ

Бозжыра

Қазақстан экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев ведмство Мыңғыстау облысындағы Бозжыра шатқалын Үстірт қорығына енгізуге әзір дайын емес деп мәлімдеді.

- Ол үшін өте салмақты себеп керек. Бозжыраны Үстірт қорығына енгіземіз деп дәл қазір айта алмаймын. Әзірге жоспар жоқ, себебі кез келген шешімді қабылдауға себеп қажет. Ал [Үстірт қорығы мен Бозжыраны] ЮНЕСКО мұрасына енгізу шаруасы – басқа министрліктің ісі. Бұл өтінішті әріптесім [мәдениет және спорт министрі] Ақтоты [Райымқұлова] Рахматуллақызына жеткіземін, - деді Мырзағалиев брифингте.

Министр Бозжыра шатқалының аумағында қонақ үй салу жоспарына қоғамның наразылығын "хайп" деп атады.

- Қандайда бір жобаға қоғам наразылығы туса, оған біз назар аудару үшін жобаны алып, қарастырып жатуымыз керек еді. Ал бүкіл шу мен "хайп" эскиз-жобаның төңірегінде шықты, - деп мәлімдеді Мырзағалиев.

Бұған дейін Қазақстанның биоалуандылығын сақтау қауымдастығы мен "Зеленое спасение" экологиялық қоры Үстірт қорығы мен Бозжыраны ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұрасы тізіміне қосуды талап еткен.

  • Қарашада Бозжыра шатқалы маңында құрылыс техникалары пайда болғаны жайлы ақпарат тараған соң қоғамда наразылық туындаған. Маңғыстау облысы әкімдігі "құрылыс жұмыстары басталмағанын", бірақ қонақ үй салу жоспары барын мәлімдеген. Мәдениет және спорт министрінің орынбасары Өткен Бисакаев облыста өткен қоғамдық талқылауда "қоршаған ортаны қорғау үшін" қонақ үй салу керегін айтқан.
  • 17 қарашада қоғамдық белсенділері президент пен Маңғыстау облысы әкіміне ашық хат жазып, шатқал маңына қонақ үй салмауды талап етті.
  • Осы күні Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook желісінде "қоғам наразылығына байланысты" президент "бұл жобаны қайта қарауды тапсырғанын" жазды. Кейін Маңғыстау облысы әкімі Серікбай Тұрымов қонақ үй Бозжырадан бір-екі километр жерге салынатынын мәлімдеді. Белсенділер отельді Бозжырадан 20 шақырым жерге салуды талап еткен еді.
  • 12 желтоқсанда экология министрі Twitter желісінде инвестор компания қонақ үйді басқа аумаққа, "Жабай ұшқан" қорықшасынан басқа жерге салуға дайын екенін жазды.
  • Бұл қонақ үйді Ақтаудағы Rixos Water World отелін салған компания салуы тиіс. Rixos отельдер холдингінің иесі – түркиялық бизнесмен Феттах Таминджи. Ол – түркиялық ықпалды кәсіпкерлердің бірі.

Your browser doesn’t support HTML5

Бозжыра Австралиядағы Улуру жартасының кебін кимей ме?