Дүниежүзілік банк 2021-2020 жылға арналған экономикалық жаңа болжамын жариялады. Оған сай, 2021 жылы Шығыс Еуропа, постсоветтік елдер мен Орталық Азияның экономикасы бар-жоғы 3,3 пайызға өсіп, "пандемиядан әрең ес жияды".
Дүниежүзілік банк болжамынша, Қазақстанда жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) 2021 жылы 2,5 пайызға; 2022 жылы 3,5 пайызға ғана өседі. Бұған дейін ДБ сарапшылары Қазақстанда коронавирус салдарынан кедейлік пен теңсіздік өсуі мүмкін деп болжаған.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ Карантин әлем экономикасына қалай әсер етеді?Зерттеу авторлары Орталық Азия экономикасы шикізат, шетелдік инвестиция және Қытайдың "Бір жол – бір белдеу" жобасы арқылы 3 пайызға дейін өседі деп санайды.
ДБ болжамына сай, постсоветтік елдердегі ЖІӨ өсімі:
- Өзбекстан (2021 жылы – 4,3%, ал 2022 жылы – 4,5%)
- Қырғызстан (2021 жылы – 3,8%, ал 2022 жылы – 4,5%)
- Грузия (2021 жылы – 4,0%, 2022 жылы – 6,0%)
- Тәжікстан (2021 жылы – 3,5%, 2022 жылы – 5,5%)
- Украина (2021 жылы –3,0%, ал 2022 жылы – 3,1%)
- Молдова (2021 жылы –3,8%, ал 2022 жылы – 3,7%)
- Армения (2021 жылы – 3,1%, 2022 жылы – 4,5%)
- Әзербайжан (2021 жылы – 1,9%, 2022 жылы – 4,5%)
- Ресей (2021 жылы – 2,6%, 2022 жылы – 3,0%)
- Беларусь (2021 жылы – 2,7%, ал 2022 жылы – 0,9%)
ДБ Беларусьте алдағы жылдары ЖІӨ өскеннің орнына төмендейді деп болжайды. Зерттеу авторлары басқа елдерде экономиканың өсуіне пандемия кесірін тигізсе, Беларусь экономикасына елдегі саяси ахуал әсер етеді дейді. Елде 2020 жылдың тамызынан бері наразылық жалғасып жатыр. Жұрт 9 тамызда өткен президент сайлауының нәтижесін мойындамайды. Елдің Орталық сайлау комиссиясы елді 26 жылдай басқарған Александр Лукашенконы жеңімпаз деп таныған. Жұрт сайлауда дауысымыз ұрланды деп санайды.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ Пандемия әлсіреткен әлем экономикасын биыл не күтіп тұр?