Өткен тәулікте (6 қаңтар) Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған 775 адам, ал соған ұқсас пневмониямен ауырған 94 науқас тіркелді. Барлығы 12 адам көз жұмды деп хабарлады бейсенбіде Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі.
Ресми мәлімет бойынша, елде 2020 жылғы 13 наурыздан бері Covid инфекциясы зерттеу қорытындысы бойынша дәлелденген 159 819 кісі тіркелген, осы аурудың салдарынан 2349 адам қайтыс болған.
Денсаулық сақтау министрлігі ауру белгілері коронавирус инфекциясына ұқсайтын, бірақ лаборатория әдісімен тексергенде ағзасынан Covid табылмаған науқастар статистикасын былтырғы тамыздан бері бөлек жүргізіп келеді. Содан бері осындай пневмониямен 46114 адам ауырған, 519 науқас қайтыс болған.