АҚШ президенті Дональд Трамп қарашадағы сайлауда жеңіске жеткен Джо Байден елдің 46-президенті ретінде ант қабылдайды деп мойындады. Ол 6 қаңтарда Капитолийдегі өзінің ашулы жақтастарының бассыздығынан кейін билік транзиті "қалыптасқан жолмен" жүретінін айтты.
6 қаңтарда Трамптың ашулы жақтастары Конгрестің сайлау нәтижесін мақұлдау процесіне кедергі келтіріп, Капитолийге басып кірген. Бассыздықтан төрт адам қайтыс болды. 52 адам ұсталды. 7 қаңтарда Конгресс жұмысын қайта жалғастырып, Байденнің жеңісін мақұлдады.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ АҚШ Конгресі Джо Байденді президент деп таныды"Сайлау нәтижесімен мүлде келіспесем де 20 қаңтарда билікті табыстау процесі ұйымдастырылады" деді Трамп мәлімдемесінде.
Трамп осыған дейін 3 қарашадағы сайлау нәтижесінде фальцификация болды деп дәлелсіз мәлімдемелер айтып келген.
6 қаңтарда, Конгрестің президент сайлауының дауыс беру нәтижесін мақұлдау отырысы алдында, Трамп Ақ үй жанында өз жақтастарына қайырылып, "біз ешқашан берілмейміз, ешқашан жеңілмейміз" деген еді.
Трамптың осы сөзінен кейін оның ашулы жақтастары 1,6 шақырым жерде орналасқан Капитолийге барып, басып кірді.
Олар Конгрестің сайлау нәтижесін рәсімдеу процесіне кедергі келтірді. Саясаткерлер жиын өтетін залды тастап кетуге мәжбүр болды. Олар жұмысын Вашингтонда коменданттық сағат енген соң жалғастырды.
9 қарашадағы сайлауда Байден сайлаушылар алқасының 306 дауысын, Дональд Трамп 270 дауысын алған. Кейін Трамп сайлау нәтижесімен келіспейтінін айтып, сотқа шағым түсірген. Сот оның 50 арызын қанағаттандырмай тастады.