Азаттық тілшісі Алматы облысында бюллетеньдердің топтап салынғанын көрді

Your browser doesn’t support HTML5

Сайлау жәшігіне түсі бірдей бірнеше бюллетень салды

10 қаңтар таңертең Алматы облысы Қарасай ауданы Мерей ауылындағы №496 сайлау учаскесінде Азаттық тілшісі комиссия мүшесінің сайлау жәшігіне түсі бірдей бірнеше бюллетень салып жатқанын байқап қалды. Комиссия төрайымы "бір қолға үш бюллетень берілетінін, заң бұзатын ештеңе болмағанын" айтты.

10 қаңтарда Қазақстан азаматтары парламент мәжілісімен бірге облыстық, аудандық я қалалық маслихаттарды да сайлап жатыр. Мәжіліс сайлауының бюллетені көк түсті болса, аудандық я қалалық мәслихат сайлауыныкі - жасыл, ал облыстық мәслихат сайлауы бюллетені - қызғылт түсті.

Бұл Қасым-Жомарт Тоқаев президенттікке келгелі бері алғаш өтіп отырған парламент сайлауы. Дегенмен сарапшылар оның Назарбаев кезеңіндегі сайлаулардан айырмашылығы аз болады деп болжайды. Құқық қорғаушылар сайлау қарсаңында аймақтарда белсенділерді қудалау үдегенін хабарлаған. Жексенбі күні жер-жерде тәуелсіз бақылаушылар сайлау учаскесіне кіре алмай жатқанына шағымданды. Халықаралық ұйымдар Қазақстанда өткен сайлаулардың ешқайсысын әділ, ашық өтті деп бағаламаған.