Парламентке үш саяси партия: "Нұр Отан", "Ақ жол" және "Қазақстанның халық партиясы" (бұрынғы Қазақстанның коммунистік халық партиясы) өтті. 11 қаңтарда орталық сайлау комиссиясы сайлаудың алдын ала қорытындысын жариялады.
Сайлаудың алдын ала нәтижесі бойынша:
- "Нұр Отан" - 71,09 пайыз;
- "Ақ жол" - 10,95 пайыз;
- Қазақстанның халық партиясы - 9,1 пайыз;
- "Ауыл" - 5,29 пайыз;
- ADAL - 3,57 пайыз дауыс алған.
Қазақстанда заң бойынша, парламентке жеті пайыз дауыс алған партиялар өтеді. ОСК сайлаудың түпкілікті нәтижесі хаттамалардың түпнұсқасы келгеннен кейін жарияланады деп мәлімдеді.
10 қаңтарда Қазақстанда парламенттің төменгі палатасы – мәжіліс пен жергілікті өкілді орган – мәслихаттар сайлауы өтті. Сайлауға оппозициялық күштер қатыстырылмады, оған тек елдің экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев басқаратын "Нұр Отан" партиясы мен билікшіл төрт партия қатысты.
Сайлау күні белсенділер мен тәуелсіз бақылаушылар көптеген заңсыздық тіркелгенін хабарлады. Тәуелсіз бақылаушылар түрлі себеппен сайлау учаскесіне жіберілмеді, кейбір учаскелерде бақылау камералары жабылды.
Бірнеше қалада "әділетсіз" сайлауға қарсылық білдірмек болған саяси күштер жақтастары ұсталды. Алматыда кейбір белсенділерді арнайы жасақ қоршап, 6-10 сағат аралығында аязда ұстап тұрды. Кейбір белсенділер ауруханаға түсті. Батыс ұйымдары полицияның әрекетін айыптады.
Билік сайлауда өрескел заңбұзушылық болмағанын мәлімдеді. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) елдегі саяси науқанда "шынайы бәсеке болмады және үгіт-насихат бәсекеге сай өтпеді, сайлау демократиялық талаптарға сай болмады" деп бағалады.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ ЕҚЫҰ бақылау миссиясы: Қазақстандағы сайлауда шынайы бәсеке болмадыҚазақстандағы сайлаулардың ешқайсысын халықаралық ұйымдар "демократия талаптарына сай өтпеді" деп мойындамаған. Бұл – Қазақстанды отыз жылға жуық басқарған Нұрсұлтан Назарбаев қызметінен кеткелі Қазақстанда өткен алғашқы мәжіліс сайлауы.