Өзбекстанның мемлекеттік компаниясы Мирзияевтің құпия курорты барын мойындамады

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевқа арнап құпия зәулім тау курортын салды делінген мемлекеттік компания Азаттық зерттеуін "негізсіз және шындыққа сәйкес емес" деп атады.

Азатттықтың Өзбек қызметі әзірлеген 23 ақпанда жарияланған зерттеу Ташкенттің солтүстік-шығысынан 100 шақырым жерде ерекше қорғаудағы Өгем-Шатқал табиғи паркінде орналасқан "Мирзияевқа арналған" зәулім құрылыстың жай-жапсарын егжей-тегжейлі ашып көрсеткен.

Тау курортының құрылысына жетекшілік еткен "Өзбекстанның теміржолдары" компаниясы 24 ақпанда ресми сайтында мәлімдеме жариялап, Шоввозсой өзені аумағының "экожүйесін сақтап қалу мақсатында" 2010 жылдан бастап оны игере бастағанын атап өткен.

Ондағы мәліметке сәйкес, компания парктің инфрақұрылым мен рекреация нысандарын дамыту үшін соңғы 10 жыл ішінде 450 миллиард сом ақша (43 миллион доллар) жұмсаған, бірақ ол бюджеттен бөлінбеген. "Шоввозсой кешені мен аумақтағы өзге курорттарды 90 мың адам қолданады" деген мәлімдеме авторлары. Бірақ онда жобаға байланысты маңызды бірнеше мәселеге түсініктеме берілмеген.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ Азаттық радиосы Өзбекстан президенті Мирзияевтің құпия курорты барын анықтады