"Кісі өлтіруші" Раиси. Ирандағы президент сайлауының бас үміткері туралы не белгілі?
Your browser doesn’t support HTML5
18 маусым күні Иранда президент сайлауы өтеді. Бас үміткер – Иран сот жүйесінің басшысы Ибрагим Раиси. 60 жастағы Раиси 1980-жылдардағы жаппай кісі өлтіруге қатысы бар саналады. Сол кездің өзінде сот жүйесінде болған ол мыңдаған саяси тұтқынды өлім жазасына кескен. Раиси президенттік сайлауға 2017 жылы да түскен. Бірақ ұстамды саясаткер Хасан Руханиден жеңіліп қалған. Бұл жолы оған шақ келер кандидат жоқ. Өйткені билік салмақты үміткерлерді сайлауға өткізбей қойған. Раиси осы күнге қалай жетті?