Тәліптер Ауғанстанның 50-ден астам сарбазын тұтқындады

Хазарлардан құралған қарулы топ қаланы тәліптерді қорғап жүр. Майдан Вардак провинциясы, Ауғанстан.

Ауғанстанның Майдан Вардак провинциясында Талибан содырлары ел әскерінің 50-ден астам қызметкерін тұтқынған алды. Бұл туралы Азат Еуропа/Азаттық радиосының Азат Ауғанстан радиосына провинция полициясының бастығы хабарлады.

27 маусым күні Майдан Вардак провинциясы полициясының бастығы полковник Мұстафа Маяр атысқа толы түні Ауғанстан қауіпсіздік күштерінің сарбаздары тұтқынға түскенін мәлімдеді.

Оның сөзінше, провинцияның Чак және Сайед Абад аудандары тәліптер қолына өткен. Маяр қауіпсіздік күштерінің соңына дейін қарсылық көрсеткенін айтты.

"Ауған ұлттық полициясының Сайед Абадта 30, Чакта 26 қызметкері жаудың қолына түсті" деді Маяр Азат Еуропа/Азаттық радиосына.

Үкімет әзірге бұл жағдай туралы пікір білдірмеді.

Ал Талибанның баспасөз хатшысы Забиулла Муджахед Twitter-де тәліптердің Сайед Абадта 190 сарбазды тұтқынға алғанын мәлімдеді.

Кейінгі апталарда Талибан әскери тобы ондаған ауданды басып алып, шетел әскері елден кеткенде Батыс қолдауына ие қазіргі үкімет күйреуі мүмкін деген алаңдаушылықты күшейтті. АҚШ Ауғанстан жерінен әскерін 11 қыркүйекке дейін толық әкетпек.

22 маусым күні БҰҰ-ның Ауғанстандағы арнайы өкілі Дебора Лайонс Талибанның мамыр айынан бері елдегі 370 ауданның 50-ін басып алғанын, бұл жағдай Ауғанстанмен бірге көптеген өзге елге қауіп төндіретінін айтты.

Ауғанстан қорғаныс министрлігі кей аудандарының тәліптер қолына өтуін тактикалық шегініс деп атап, кейінгі күндері оннан аса аудандың қайта басып алынғаны мәлімдеді.

25 маусым күні АҚШ президенті Джо Байден Ақ үйде Ауғанстан президенті Ашраф Ғанимен кездесіп, "Бұдан былай ауғандар өз елінің тағдырын өзі шешеді" деді. Сөйте тұра ол Ауғанстанға одан әрі де қолдау білдіретінін айтты.

Ашраф Ғани өз сөзінде Вашингтонның әскерін әкету туралы шешімі АҚШ пен Ауғанстан арасындағы қарым-қатынастың жаңа кезеңін бастап, "барлығын қайта есептеуге және қайта қарауға итермеледі" деді.

Былтыр қыркүйекте Катар астанасын Дохада Ауған үкіметі мен Талибан арасында бітім көліссөздерін басталған. Бірақ Байден АҚШ әскерін келісілгендей 1 мамырға дейін емес 11 қыркүйекке дейін әкететінін мәлімдеген соң, бұл келіссөздер сәтсіз аяқталды.