"Басымнан, жағымнан, бүйректен тепті". Мамайдың жақтастары арнайы жасақтан "таяқ жеген"
Your browser doesn’t support HTML5
Алматыда полиция қоршауында қалған "Демпартия" жақтастары полициямен қақтығысып, кемі үшеуін арнайы жасақ әкеткен. Тағы екеуі жарақаттанып, жедел-жәрдем шақыртылған. "Демпартия" митингісіне келгендер билік саясатына, "Қытай экспансиясына", қымбатшылыққа қарсы шығып, "Назарбаев, кет!", "Үкімет отставкаға кетсін!" деп айғайлады.