Орталық Азиядағы ең танымал фотографтардың бірі Анзор Бухарский 2,5 мың шақырымдық сапары кезінде Өзбекстанның көзге түсе бермейтін тыныс-тіршілігін суретке түсірді.
Бұл суреттерді жаздың басында Өзбекстан аумағында саяхат жасаған фотограф Анзор Бухарский түсірген. Бұқара тумасы өзбек мәдениетінің бейнелейтін суреттерімен танымал.
Бұхарский бұл сапарға Ресейден келген екі досына Өзбекстанның туристік орталықтардан тыс жерлерін көрсету үшін шыққан. Оның сөзінше, билік туристер келетін жерлердің бәрін безендіріп тастаған.
Мына бір мұнараның соғылғанына екі мың жыл болған. Зороастризм дініндегі отқа табынушылар оны мәйіт жою үшін пайдаланған. Мәйітті мұнара үстіне қойған, күннің қызуы мен құзғындар құр сүйек қалдырып, ол сүйекті құтыға салып жерлеген. Отқа табынушылар бұл рәсімді қасиетті элементтер – жер, от және суды ластамау үшін жасаған.
"Өзбекстанның қай қаласына сапарласам да, алдымен базарына баруға тырысамын" дейді Бухарский. "Ашық аспан астындағы бірегей иісі мен келбеті бар базарлар – өзбек халқының мақтанышы. Бұл базарлар әдебиетте, картиналарда және кино туындыларында мыңдаған мәрте мадақталған"
"Өкініштісі, 2017 жылдан бастап өзбек базарларына қарсы соғыс жарияланды. Оларды түбімен қопарып, орнына заманауи гипермаркеттер салып жатыр. Мәдени мұраның тұтас бір қабаты жойылып жатыр және ешқашан қалпына келмейді" дейді ол.
Бухарский "Өзбекстандағы ең әдемі таулар" Сурхандарияда дейді. Оның сөзінше, ол жерде "тыныс алу жеңіл", теңдесі жоқ кеңістік пен жеңілдікті сезуге болады.
Фотографтың айтуынша, Хиуа базары әуелі қаладағы әсем қабырғалардың түбінде болған. Бірақ "қала билігі саудагерлер заманауи Өзбекстан келбетін бұзып, шетел қонақтарының алдында ұятқа қалдырады" деп базарды қаланың басқа жеріне, турист көзінен таса аумаққа жіберген.
"Базарларды жою толқыны Сурхандарияға да жетті. "Бойсун қаласындағы ескі базарға келгенімізде, оның жабылып қалып, қаланың басқа аумағына жіберілгенін білдік. Мұны қаланы "заманауи әрі көркем" қылу үшін жасапты" дейді Бухарский.
Бухарский шөлдегі құмның тұрақты қозғалып жатқанын, мына қамыстан жасалған, тереңдігі бірнеше метрге жететін қоршаулардың күре жолды құмнан қорғау үшін салынғанын айтады.
"Мекере күндері өзбек көшелерінде полицейлерді, әскерилерді, ұлттық ұлан сарбаздарын көп көресіз. Бұл туристерді аң-таң етеді. Олар қауіпсіздігіне қатер төнген екен деп түсініп жатады" дейді Бухарский.
Фотограф Өзбекстанның көне қалаларында тұрақты түрде жөндеу жұмыстарының жүріп жатқанына, ол жөндеу жұмыстарының кейде ЮНЕСКО қорғауындағы аумаққа өтіп кететінен алаңдайды.
Бухарский 12 күндік сапары кезінде біршама қорытынды жасаған. Мәселен, күре жолдан өзге жолдар көлікпен жүруге жарамсыз болып шыққан. Фотограф бұл жолдарға "ядролық бомба түскендей" деп сипаттайды. Ең бастысы, фотограф мыңдаған шақырым жол жүргеннен кейін "туған қаласы Бұхарадан артық қала жоқ екенін" ұққан.