Өзбекстанда 15 шілдеде президент әкімшілігі ғимараты алдында ұсталған тәуелсіз блогер Озодбек Курбанов ұсақ бұзақылық бабы бойынша 15 тәулікке қамалды.
"Хакикат ва Тараккиёт" ("Ақиқат және даму") партиясы белсенділерінің сөзінше, сотта блогердің "билік өкілдеріне қарсылық көрсетіп, құқық қорғау органдары қызметкерлерін балағаттағаны" айтылған.
Блогер 15 шілдеде "Ақиқат және даму" партиясының ұжымдық хатын Конституциялық сотқа өткізу процесін түсіріп жүрген. Сол жерде оны ұстап әкеткен.
Сол жерде партия белсенділеріне белгісіз адамдар шабуыл жасаған. Партия лидері Хидирназар Аллакуловтың айтуынша, олардың арасында әйелдер мен құқық қорғау органдары қызметкерлері бар.
"Озодбек Курбановты сабап, қолын бұрап, көлікке отырғызып, белгісіз жаққа алып кеттті" деді Хидирназар Аллакулов.
Аллакулов 23 жастағы блогер саяси көзқарасы үшін қудаланып жатыр дейді.
Өзбекстанның құқық қорғау органдары 15 шілдеде президент әкімшілігі ғимараты алдында болған оқиға туралы түсініктеме берген жоқ.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ
Өзбекстанда оппозициялық партия жетекшісінің мүлкін тәркілеп, тағы бір белсендіні үйден қуып жатырШавкат Мирзияев тағы да сайлауға түсуге қамданып жатыр ма?Өзбек оппозиционері: Мирзияев Ислам Каримовтың тәсілдеріне көшті