Кабул: Айт намазы кезінде президент сарайы жанына зымыран түсіп, ауғандар үрейі күшейе түсті
Your browser doesn’t support HTML5
Tәліптер жаңа аудандарды басып алған сайын ауғандардың бейбітшілік келісіміне деген күдігі күшейіп жатыр. 20 шілде күні Кабулда президент сарайы жанына кемі үш зымыран түсіп, ел астанасында үрей күшейді. Бұл уақытта ауған президенті Ашраф Ғани жамағатпен бірге Құрбан айт намазын оқып жатқан. Осыдан кейін ол мерекеге орай сөз сөйлемек болған. Шабуылды «Ислам мемлекеті» террор өз мойнына алды.