Бішкекте вакцина салдырғаннан кейін қайтыс болған әйелдің өліміне байланысты комиссия құрылды

Көрнекі сурет.

Қырғызстан денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қарсы вакцина салдырғаннан кейін қайтыс болған әйелдің өліміне байланысты сарапшылар комиссиясын құрды. Бұл туралы Азаттықтың Қырғыз қызметі хабарлады.

Денсаулық сақтау вице-министрі Жалалидин Рахматуллаевтың сөзіне қарағанда, әйелге 19 шілдеде таңертеңгі сағат 8 жарымда "Спутник V"вакцинасы салынған.

"22 шілдеде қайтыс болды. Оқиғаға байланысты сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу амалдары жүріп жатыр, оның нәтижесін хабарлаймыз" деді Рахматуллаев.

Қырғызстанда адамдарға ресейлік "Спутник V" пен қытайлық Sinopharm вакцинасы салынып жатыр. Осы аптада елге швед-британ компаниялары әзірлеген AstraZeneca препараты жеткізілді.

Қырғызстан денсаулық сақтау министрлігіне қарасты электронды денсаулық сақтау орталығының мәліметінше, елде 427 мың 672 адамға коронавирусқа қарсы вакцина егілген. 104 мыңы екінші дозасын алған.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

"Үшінші толқын". Қырғызстанда індет қайта өршідіПрезидент Жапаров ұсынған "дәріден" адамдар уланып жатырFacebook Қырғызстан президентінің коронавирусты уқорғасынмен емдеу туралы жазбасын өшірді