Қазақстан денсаулық сақтау министрлігіне қарасты санитарлық-эпидемиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова жұма күнгі брифинг кезінде кейбір аймақта вакцинаның кейбір түрлері жоқ екенін хабарлады.
– Қазір бізде 582 141 – вакцинаның бірінші дозасы, 1 миллион 194 мың вакцинаның екінші дозасы бар. CoronaVac вакцинасының 20 мың дозасы ғана қалды. Барлық өңірде әр түрлі мөлшерде бар. Ең көбі Маңғыстау облысында. Шығыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында ол жоқ. "Спутник V" екпесінің 581 мың бірінші дозасы барлық өңірлерде бар. QazVac-тың үш мың дозасы бар. Маңғыстау және Атырау облыстарында ол көп. Алматы, Жамбыл, Қарағанды және Түркістан облыстарында бұл вакцина қалған жоқ. Sinopharm-ның 6 286 бірінші компонент дозасы қалды. Бұл вакцинаның бәрі тек Маңғыстау облысында, - деді Айжан Есмағамбетова.
Оның сөзіне қарағанда, қазір вакцина алғандар арасында 4765 адам коронавирусқа шалдыққан. Бұл екпе алғандардың 0,09 пайызына тең.
– "Спутник V" вакцинасының бірінші компонентін алғандар арасында – 2048, екінші компонентін алғандар арасында – 2 101 жағдай, Hayat-Vax – 246 және 221 (0,09 пайыз), CoronaVac - 45 және 11, QazVac – 41 және 45 жағдай тіркелді, - деді комитет жетекшісі.
Қазақстанда ақпан айынан бері халыққа коронавирусқа қарсы вакцина салынып жатыр. Содан бері 5 миллионнан астам адам вакцинаның бірінші дозасын алған. Екпенің толық дозасын алғандар 3 миллионнан асты.
Елде ресейлік "Спутник V", қазақстандық QazVac, қытайлық Hayat-Vax және CoronaVac екпелерін салады. Кейінгі аптада соңғы екеуінің қоры сарқылып қалғаны хабарланған еді. Ал QazVac екпесінің көлемі өндіріс қуатының әлсіздігіне байланысты шектеулі болып отыр.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ
Тоқаев Pfizer екпесін елге әкелу жоспары неліктен іске аспағанын ашып айтпады"Екпе алмағандар биореакторға айналады". Қауіпті штамдар қалай пайда болады? "Сыртымнан құжат толтырған". Қағаз жүзінде екпе алған алматылықтың хикаясы"Екпе алмаса, қауіп көп. Басқа амалымыз жоқ". Иммунолог вакцинаның пайдасы мен "чиптеу" жайлы не айтты?Екпе салдыр не жұмыстан шық. Ерікті вакциналау міндетті шараға қалай айналды?