24 шілдеде Токио олимпиадасында қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов 60 келіде жартылай финалға шықты. Ол екінші айналымда Михраш Аккушты, ширек финалда оңтүстік кореялық Ким Вон Джинді (әлем чемпионатының екі рет қоласын алған) жеңді.
Енді Сметов жартылай финалда үш дүркін әлем чемпионы, Рио ойындарының қола жүлдегері Наохиса Такатомен (Жапония) белдеседі. Екінші жартылай финалда Лука Мхеидзе (Франция) мен Янг Юнг веймен (Тайвань) кездеседі.
Сметов – 2016 жылғы Рио олимпиадасының күміс жүлдегері. 2015 жылғы әлем чемпионы, 2019 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері. 2018 жылғы Азия ойындарының чемпионы.
2016 жылы Рио олимпиадасында әйелдер арасында 48 келі салмақта қола медаль алған Галбадрах Огтонцэцэг Токиода бірінші айналымда Қытай спортшысы Ли Яньяньнан таза (иппон) жеңілді.
Моңғолияда туған Галбадрах 2015 жылы Қазақстан азаматтығын алып, осы елдің атынан жарысқа қатыса бастаған. Ол Моңғолия құрамасына ене алмаған соң Қазақстан құрамасына ауысқан еді.
60 келіде финалдық кезең Алматы уақытымен 14.00-де басталады.
Токио олимпиадасы 23 шілде - 8 тамыз арасында өтеді. Бұл жарысқа Қазақстан 97 лицензия алған.