Олимпиада жүлдегерлерінің қуанышы мен көз жасы

Дзюдодан 60 келі салмақта белдескен қазақстандық Елдос Сметов қола медальға қуанып жатқан сәт. Қазақстанда Токио олимпиадасының үш қоласы бар. Сметовтен бөлек, ауыр атлеттер Игорь Сон мен Зүлфия Чиншанло да олимпиадада үшінші орын иеленген. 24 шілде 2021 жыл.

22 жастағы түрік Мете Газоз садақ атудан ерлер арасында жекелей сында Токио олимпиадасының чемпионы атанды. Финалда Пекин олимпиадасында күміс, Лондон олимпиадасында алтын алған италиялық Маоро Несполиді жеңді. Бұл - Түркияның осы ойындағы алғашқы алтыны. Осыған дейін таэквондодан екі қола иеленген еді. 31 шілде 2021 жыл.

Филиппиндік ауыр атлет Хидилин Диас әйелдер арасында 55 келіде олимпиада чемпионы атанған соң бапкерлерімен қоса жылады. Бұл - Филиппин елінің олимпиада тарихындағы алғашқы алтыны. 26 шілде 2021 жыл.
 

Украинада туған, бірақ қазір жарыстарға Әзербайжан атынан қатысып жүрген Ирина Киндзерская дзюдодан әйелдер арасында +78 келіде қола медаль жеңіп алды. 30 шілде 2021 жыл.

Қытай Чэнь Мэн үстел теннисінен әйелдер арасындағы финалда отандасы Сунь Иншаны жеңіп, олимпиада чемпионы атанды. 29 шілде 2021 жыл.

Мадина Таймазова (Ресей олимпиада комитеті) дзюдодан әйелдер арасында 70 келіде қола алған сәт. 29 шілде 2021 жыл.

Ұлыбританиялық Том Дейли (сол жақта) мен Мэттью Ли 10 метрлік платформадан суға секіру жарысында чемпион атанған сәт. 26 шілде 2021 жыл.

Жапон Дайке Хашимото спорттық гимнастикадан ерлер арасындағы көпсайыста жеңіске жетті. 28 шілде 2021 жыл.

Эфиопиялық жеңіл атлет Селемон Барега 10000 метрге жүгіруден олимпиада чемпионы атанды. 30 шілде 2021 жыл.
 

Дзюдодан чехиялық Лукаш Крпалек ерлер арасында +100 келіде финалда грузиялық Гурам Тушишвилиді жеңіп, екі дүркін олимпиада чемпионы атанды. Крпалек 2016 жылы Риода да алтын алған. 30 шілде 2021 жыл.

Семсерлесуден Оңтүстік Корея ерлер құрамасы қолаға таласта Қытай командасын жеңген сәт. 30 шілде 2021 жыл.

Германиялық теннисші Александр Зверев жартылай финалда әлемнің 1-ракеткасы сербиялық Новак Джоковичті жеңіп, финалға шықты. 30 шілде 2021 жыл.

Америкалық Кэти Ледеки 1500 метрге еркін әдіспен жүзуде олимпиада чемпионы атанған сәт. 28 шілде 2021 жыл.

Хорватиялық Мате Павич (суретте) теннистен жұптық сында командаласы Марин Чиличпен бірге олимпиада алтынын алды. 30 шілде 2021 жыл.
 

Бадминтоннан ерлер арасындағы жұптық сында жапониялық Юта Ватанабэ мен Ариса Хигашино қола медаль алды. 30 шілде 2021 жыл.