Қазақстанда коронавируспен байланысты адам өлімінің көрсеткіші жоғары болып тұр. Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, 3 тамызда коронавирустан 158 адам қайтыс болған: 33-і коронавирус пневмониясынан көз жұмған. Індет басталғалы бері бір күнде осынша көп адам өлімі тіркелмеген. Адам өлімі бойынша рекордтық көрсеткіштің жаңарып жатқанына осымен үш күн болды.
Бір күн бұрын денсаулық сақтау саласының мамандары адам өлімінің көбеюіне коронавирустың дельта вариантының жылдам таралуы және вакциналаудың баяулығы себеп деп мәлімдеген.
4 тамызда 7792 адамның коронавирус тесті оң шыққан. Науқастардың 60 пайызға жуығы Нұр-Сұлтан (1434), Алматы (1570), Шымкент (535), Қарағанды облысында (931) тіркелген. Ақтөбе облысында – 403, Атырау облысында 397 адамнан коронавирус анықталған. Қалған облыстарда 140-300 төңірегінде науқас тіркелген.
Қазір Түркістан облысы коронавирустың тарауы бойынша "жасыл аймақта" тұр. Қалған облыстар мен қалалар "қызыл аймақта".
2020 жылдың наурыз айынан бер 610 мың адамның коронавирус тесті оң көрсеткен. 6402-і қайтыс болған.
Қазақстан билігі пневмонияның коронавирусқа ұқсас түрін 2020 жылдың тамызынан бері есептеп келеді. Содан бері 62 мың адамға сондай диагноз қойылған (3 тамызда 379 адам корнавирус пневмониясына шалдыққан), 3814-і қайтыс болған.
Кейбір сарапшылар коронавирус жұқтырғандар мен одан қайтыс болғандар ресми мәліметтегіден гөрі әлдеқайда көп деп санайды.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазір 107 мың адам коронавирустан емделіп жатыр. 29 мыңы стационарда жатыр. 2,2 мыңнан астам науқастың жағдайы ауыр. 202 науқас жасанды тыныс аппаратына қосылған.
Ресми мәлімет бойынша, Қазақстан халқының 30 пайызға жуығы коронавирусқа қарсы вакцинаның екі дозасын алған: 4,1 млн адамға екі дозасы салынған, 1,6 млн адам бір дозасын алған.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ
Сарапшылар: Covid-тен өлімнің көбеюіне дельта штамм және вакциналаудың баяулығы әсер еттіЦой: Қазақстан коронавирус бойынша оптимистік сценариймен келе жатырМіндетті вакциналауға кім және не үшін қарсы?Бекшин "індеттің төртінші толқыны тамыз ортасына қарай шарықтау шегіне жетеді" деп болжайдыВирусолог: "Халық былтыр вирустан қорыққан, биыл вакцинадан қорқады"