Польша: Беларусь "ЕО-мен гибридтік соғыста" мигранттарды пайдаланып отыр

Беларусьтегі тексеру пунктінде тұрған босқын әйел.

Беларусь спортшы Кристина Тимановскаяға босқын мәртебесін ұсынған Варшаваны "жазалау үшін" шекара арқылы мигранттарды өткізіп жатыр. 5 тамызда Польша билігі осылай деп мәлімдеді.

Бұған дейін Польша Беларусь билігінің қысымына шағымданған белорус спортшысы Кристина Тимановскаяға Польшадан саяси баспана ұсынған. Осы апта ортасында Тимановская поляк дипломаттарының көмегімен Токиодан Варшаваға ұшып келді.

Польшаның ішкі істер вице-министрі Мацей Вансик 5 тамызда Минск "Еуроодақпен гибридтік соғыста заңсыз мигранттарды құрал ретінде пайдаланып отыр" деп мәлімдеді.

"Жас жігіттер мен әйелдер, балалар да бар. Беларусь мигранттарды тірі қару ретінде қолданып отыр" деді Вансик жергілікті Telewizja w Polsce телеарнасына берген сұхбатында.

"Кейінгі күндері мигранттар толқыны артты, біз оны белорус спортшысына саяси баспана ұсынғандығымызға реакция ретінде қабылдадық" деді ол.

Белорус үкіметі әзірге оқиғаға түсініктеме берген жоқ.

Еуродақ Александр Лукашенко режимін мигранттарды ЕО санкциясына төтеп беру үшін пайдаланып отыр деп айыптап келеді. Тимановскаяның Польшаға келуі Минскімен арадағы жағдайды онан сайын ушықтырып жіберген.

Еуроодақ 5 тамызда мигранттар мәселесіне байланысты Беларусьтегі елшісін қайтарды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тимановскаяны күшпен елге қайтаруға тырысқан екі белорус тренері аккредитациядан айырылдыБилік күшпен әкетуге тырысқан Тимановскаяға байланысты Минскіге жаңа санкция салынуы мүмкін"Беларуське оралмаймын". Сыни пост жазған атлетті Токиодан Минскіге әкетпек болдыБеларусь билігі спортшыны Олимпиададан күшпен әкетуге тырысты