Сауд Арабиясы індет кезінде қайтыс болған әрбір дәрігердің отбасына $133 мың көлемінде өтемақы төлей бастады

Медицина қызметкері тұрғынға коронавирусқа қарсы вакцина салып жатыр.

Сауд Арабиясы коронавирус індетімен күресіп, қайтыс болған әрбір медицина қызметкерінің отбасына 133 мың АҚШ доллары көлемінде өтемақы төлей бастады. Бұл туралы 8 тамызда Сауд Арабиясының мемлекеттік ақпарат құралдары хабарлады.

БАҚ-тың жазуынша, үкімет денсаулық сақтау саласында еңбек етіп, коронавирустан қайтыс болған адамның отбасына 500 мың риял (133 мың доллар – ред.) көлемінде өтемақы төлейді. Өтемақыны мемлекеттік немесе жеке клиникада істеген, азаматтық немесе әскери салада еңбек еткен марқұмның отбасы ала алады. Билік қызметкерлердің азаматтығына да қарамауға уәде берген.

Мемлекеттік SPA ақпарат агенттігінің жазуынша, олар "Араб әмірлігіндегі азаматтар мен тұрғындардың денсаулығын қорғап, қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өмірін сарп еткен".

Билік індет басталғалы бері 8320 адамның коронавирустан қайтыс болғанын хабарлаған. Бірақ денсаулық сақтау министрлігі олардың арасында қанша дәрігер барын нақтыламаған.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

"Бұрынғыдай жұмыс істеуі екіталай". Індеттің 2-толқыны алдында билік дәрігерлерді қалай ренжітті?Қазақстанның бас санитарлық дәрігері вирус жұқтырған дәрігерлерге өтемақы төлеуді "артық" деп санайдыАлматыда жедел жәрдем станциясының қызметкерлері 7 айдан бері үстемақы алмағанын айтадыНұр-Сұлтанда ондаған жедел жәрдем қызметкерлері жалақыға үстемақы қосуды талап еттіҚайырғали Көнеев: Қазақстанда коронавирус пандемия емес, қып-қызыл саясат болды