Өзбекстанның халыққа білім беру министрлігі 2021-2022 оқу жылында мектептердегі сабақ аралас форматта өтетінін хабарлады.
Министрлік шешімін елде мектеп жасындағы балалар арасында коронавирус жұқтырғандардың көбеюімен түсіндірді.
Жаңа оқу жылында кейбір мектептер қалыптасқан жағдайға байланысты карантинге жабылып, оқуды қашықтан жалғастыруы мүмкін.
"Мұндай жағдайда оқушылар үйде оқиды. Оқушыларға қашықтан оқуға көмек ретінде Ұлттық телерадиомпанияның телеарналарында сабақтар көрсетіледі" делінген министрлік хабарламасында.
Қашықтан оқу жүйесі мектепте оқуды алмастыра алмайтынын ескерткен министрлік білім жүйесіндегі қызметкерлерді вакцина салдыруға шақырды.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ
Министр Аймағамбетов: Оқушыларға мектеп формасыз сабаққа баруға рұқсат беріледіПандемия Қазақстандағы және Орталық Азиядағы білім беру жүйесіне қалай әсер етеді?Өзбекстанда түлектердің бітіру кештері онлайн форматта өтеді