Мектептер мен жоғары оқу орындары 1 қыркүйектен бастап дәстүрлі форматта оқиды. Бұл туралы премьер-министрдің ресми сайты хабарлады.
"Білім және ғылым, денсаулық сақтау министрліктеріне, өңірлердің әкімдіктеріне жаңа оқу жылында мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарында, сонымен қатар колледждер мен жоғары оқу орындарында оқуды штаттық режимде қамтамасыз ету тапсырылды. Бұл ретте әрбір мектепке дәстүрлі форматта оқу бойынша нақты ұсыныстар жеткізілуі тиіс" делінген хабарламада.
Ресми мәліметке қарағанда, Қазақстанда 2021-2022 жаңа оқу жылында 7475 мектепте 3,4 млн-нан астам оқушы оқиды. Биыл 380 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барады.
Үкіметтің хабарлауынша, мектептерде вакцина алған мұғалімдер ғана істей алады. Соңғы мәлімет бойынша, вакцина алуы тиіс мұғалімдердің 93 пайыздан астамы коронавирусқа қарсы екпе салдырған.
20 тамызға дейін мектептерде санитарлық талаптардың барлығы орындалуы тиіс (дезинфекция, кварц сәулесімен залалсыздандыру, маска тағу, термометрия және тағы басқа).
Барлық білім беру мекемелеріне адамдар "Ашық" жүйесімен кіргізіледі.
Жаңа оқу жылы жақындаған тұста қоғамда оқушылар мен студенттердің оқу форматы жөнінде сұрақтар көбейген еді. 2 тамызда білім және ғылым министрлігі оқу форматы жөнінде шешімді ведомствоаралық комиссия қабылдайды деп мәлімдеген болатын.
2021 жылы мамыр айында республикалық педагогикалық кеңесте Қазақстанның білім жүйесі "бұдан әрі қашықтан оқуға шыдай алмайды" деген пікір айтылған.
Қазақстанда індет басталғалы бері оқушылар мен студенттердің басым бөлігі онлайн оқып келген. Карантин кезінде көптеген ата-аналар білім сапасының нашарлап кеткенін айтып шағымданған.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ
Министр Аймағамбетов: Оқушыларға мектеп формасыз сабаққа баруға рұқсат беріледіАта-аналар мен мұғалімдер "жөнсіз ақша жинаған" директордың қайта тағайындалуына қарсыАймағамбетов келесі оқу жылы барлық мектеп дәстүрлі форматқа оралады деп үміттенеді