Дәурен Абаев қазақ тілі жанашырларының рейдтерін "жабайы ұлтшылдық" деп атады

Қазақстан президенті әкімшілігі жетекшісінің бірінші орынбасары Дәурен Абаев.

Қазақстан президенті әкімшілігі жетекшісінің бірінші орынбасары Дәурен Абаев дүкендер мен мемлекеттік мекемелерде қазақ тілі деңгейін тексеріп жүргендердің әрекетін "жабайы ұлтшылдық" ("пещерный национализм") деп атады.

Шенеунік орыс тіліндегі "Открытый диалог – 2.0" бағдарламасында осылай деп мәлімдеген.

"Азаматтарымыздың басым бөлігі "жабайы ұлтшылдықтың" мұндай көріністерін сынайды. Өкініштісі, мұндай оқиғалар бүкіл әлемде болып тұрады, бірақ мұндай дүниелерді мемлекет қолдайды немесе үрдіске айналды деуге болмайды" деген Абаев.

Бұның алдында "Til Maydani онлайн партиясы" YouTube арнасы Қазақстандағы ұлтшылдардың тексеру барысында түсірген видеоларын жариялаған. Олар дүкендер мен мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің қазақ тілін қаншалықты білетінін тексерген. Мұндай рейдтер Нұр-Сұлтан, Алматы, Павлодар, Орал және басқа да қалаларда жүргізілген.

Шенеунік құқық қорғаушылар олардың әрекетіне құқықтық бағасын береді деді. Абаевтың пікірінше, Қазақстанда орыс тілін халықтың шамамен 90 пайызы біледі.

Ресейдің сыртқы істер министрлігі Абаев мәлімдемесіне қолдау білдірген. "Жабайы ұлтшылдық" нышандарымен биліктің қатаң түрде күресуге дайын екенін мақұлдаймыз. Мұндай ұстанымды толықтай қолдаймыз" деп хабарлады Ресей министрлігі.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Заңның қазақша мәтіні түсініксіз, қате де бар. Кім кінәлі?"Мың өліп, мың тірілген". Еділ бойындағы қазақтар ана тілінен ажырап барадыЛатын графикасына негізделген қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасы талқылауға шықты"Қазақ тілі министрліктің есігінен сығалап, әлі кіре алмай жүр"Қырғызстанда ағылшын тіліне ресми мәртебе беру ұсынысы айтылды