Өткен тәулікте 6869 адамның коронавирус жұқтырғаны ПТР тест арқылы расталды. Бұл ақпаратты Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі таратты.
Коронавирус ең көп таралған өңірлер арасында Алматы қаласы (1517) мен Қарағанды облысы (1101) алғашқы орындарда тұр. Маусым айынан бері Нұр-Сұлтан қаласында бірінші рет 700-ден азайып, 632 адам болған.
17 тамыздағы мәлімет бойынша, Қазақстанда барлығы 120 488 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр. Оның 30 996-сы стационарда, 89 492-сі амбулаториялық ем қабылдап жатыр.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 1910 адамның жағдайы ауыр, 529 адам хәл үстінде, 251 адамға жасанды тыныс аппараты қойылған.