Ресей Сыртқы істер министрлігі "Дождь" телеарнасын "шетел агенттері" тізіміне қосты, өйткені бұл арна өзге бұқаралық ақпарат құралдары – "шетел агенттері" дайындаған материалдарды таратқан. "Бұл туралы Адам құқығы кеңесінің мүшелерімен кездесуде Ресей Әділет министрлігінің өкілі Роман Цыганов айтты" деп жазады осы кездесуге қатысқан кеңес мүшесі Ева Меркачева.
Оның жазуына қарағанда, Ресей Әділет министрлігінің өкілі "Дождь" телеарнасын шетел агенттері реестріне қосу туралы ұсыныс Ресей бақылау комитетінен (Роскомнадзор) түскенін хабарлаған. Шенеунік "шетел агенттері" қатарында "Америка дауысы", "Настоящее время", Сибирь. Реалии, "Медузаны" атаған.
Ева Меркачёваның сөзінше, Ресей қаржы мониторингі "Дождь" телеарнасы шетелден ақша алды деген хабар берген. Қандай қаржы екені белгісіз. Әділет министрлігінің өкілі Цыгановқа қойылған сұрақтардан бірнеше түйін жасауға болады: журналист шетел ұйымы төлеген баспасөз-турға, ұйымдастырушылардың өздері төлеген халықаралық конференцияға барса "шетел агенті" болып саналуы мүмкін.
Ресей Әділет министрлігі "Дождь" телеарнасын шетел агенті тізіміне неге қосқанын ресми түрде түсіндірген жоқ. Ресей заңы бойынша, "шетелден қаржы алатын және шетел агенті саналатын БАҚ-тарға материал жазатын тұлға "шетел агенті" болып саналуы мүмкін.
Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың сөзінше, "Дождь" телеарнасына байланысты шешімге Кремьлдің қатысы жоқ, бұл мекеме шетел агенттері тізіміне кімді қосатынын өзі біледі".
20 тамызда Ресей Әділет министрлігі "Дождь" телеарнасы мен Латвияда тіркелген Istories fonds ("Маңызды тарихтар") заңды тұлғасын "шетел агенті" тізіміне қосқан. Сөйтіп бұл тізімдегі жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар 43-ке жеткен. Оның ішінде Азат Еуропа/Азаттық радиосы медиакорпорациясы орыс қызметінің бірнеше орыс тілді жобасы мен онымен әріптес журналистер бар.
РСЕ/РС "Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарын шетел агенттері деп санау туралы" заңды баспасөзге қысым жасауға аналған деп санайды және оның қолданудың заңдылығы қаншалықты екенін Адам құқықтары жөніндегі Еуропа соттары мен Ресей соттарында айтып келеді.
"Дождь" телеарнасы да билік шешімімен келіспейді. Шетел агенті тізіміне қосылған БАҚ-тар ме жеке тұлғалар бұған дейін де бірнеше рет Әділет министрлігінің шешімі үстінен шағым түсіргенімен нәтиже шығара алмаған.