Ата-аналар Татарстанның мемлекетттік тілін таңдаған жағдайда алдағы оқу жылынан бастап орта мектептердің сабақ кестесінде татар тілі мен әдебиеті пайда болуы мүмкін. "Idel.Реалии" сауалына Татарстан Білім министрлігі осылай жауап берген.
— Ана тілі мен әдебиетін оқыту ата-аналардың сұранысы бойынша жүзеге асырылады, — дейді жауапта.
Министрліктің жазуынша, ата-аналар не ана тілін (татар, орыс, чуваш, удмурт, т.б.), не Татарстанның мемлекеттік тілі - татар тілін таңдауына болады.
Бұл ереже 2022 жылдың 1 қыркүйегінен бастап енгізіледі.
Осыдан төрт жыл бұрын Татарстан мектептерінде татар тілі пәні міндетті пәндер тізімінен шығып қалған.